«Озық тәжірибе: жинақтау және тарату» «Әдістемелік INTENSIVE» облыстық семинары

«Озық тәжірибе: жинақтау және тарату» «Әдістемелік INTENSIVE» облыстық семинары

2025 жылдың 12 наурыз күні Балқаш қаласындағы инновациялық мектептердің озық іс-тәжірибелерін тарату, білім беру жүйесіндегі педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру, білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттау,  білім алушыларға мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру алаңын құру  мақсатында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы әдіскерлері және облысымыздағы озық инновациялық мектеп басшыларының  қатысуымен «Озық тәжірибе: жинақтау және тарату» ӘДІСТЕМЕЛІК  INTENSIVE облыстық семинары өтті. Семинар  «Lesson Study, «Біртұтас тәрбие», «Аккредитация», «Balkhash Steam Serpini» бағыттарын қамти отырып, қаламыздың инновациялық мектептері осы бағыттарда іс- тәжірибелерімен бөлісті.

Облыстық семинар «әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін» КММ- де «Құндылықтар керуені - тәрбие мен білім үндестігі» тақырыбындағы  үштік одақтың шығармашылық көрмесі мен бастау алып, «Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ-де жалғасты.  I блок: жалпы пленарлық отырыс өткізіліп, онда мектеп-лицей директоры Алишева Ш.А   

1. Аккредитация - эффективный инструмент обеспечения качества образовательных услуг. 2. От теории к практике: Вдохновение из Британских школ 3. Реализация проектов «Ұстаз Ұлытау» по изучению английского языка 4. Критериальное оценивание в действии: активные методы для вовлечения учеников средней школы тақырыптары бойынша таныстырылым жасап,шығармашылық тәжірибелерін ортаға салды. Келесі бөлімде мектеп лицей спорт залында «Жас патриоттар академиясы» марафоны  ұйымдастырылды  әрі қарай қонақтар   мектепке экскурсия жасады. ІІІ блок бойынша республикалық «Үздік педагог-2024» байқауының иегері Е.О. Киммен кездесу өткізілді. «Агрокласс+STEAM» мұражайымен таныстырылды.

«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де «Абай - руханияттың алтын қазығы» жобасы аясында Абай мұражайында мектеп- лицей директоры Г.С.Мейрбекова мектеп тарихы мен мұражай бойынша таныстырылым жасады.  «Критериалды бағалау- сапалы білім өлшемі» бағытында информатика пәнінен Л.К.Байжуманова 9 Б сыныбымен «Элементтерді кірістіру және жою» тақырыбында, бастауыш сынып мұғалімі К.А.Тлеукулова 4 А сыныбымен «Етістіктің жіктелуі» тақырыбында ашық сабақтар өткізді. «Шеберлік сыныптар»  бағытында тарих пәні мұғалімі Е.Т.Карибжанов пен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Ж.Сейткалиева «Сабақты зерттеу (LS) тәсілінде мәселені анықтаудың тиімді әдістері» тақырыбында, биология пәні мұғалімі Н.А.Коккозова мен география пәні мұғалімі Ш.Т.Жаксыгелдина «Lesson Study» оқушылардың белсенділігін арттырудағы маңызы» тақырыбы бойынша іс-тәжірибемен бөлісті. Қорытындысында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында  «Шабыт жобасының «Көңілім әнді ұғады» атты лицейішілік хоры өнер көрсетті.

«С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ- де «Шабыт» жобасы аясында шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарды дәріптеу мақсатында С.Т.Абельдинов пен К.Н.Науамбаевтың  жетекшілігімен оқушылар күйден шашу шашып, қонақтарды қарсы алды.  А.Т.Исабаева «Білім берудегі шахмат» жобасын көрсетіп, Н.Ш.Кашкынбаева ұлттық құндылықтарды бала бойына дарыту мақсатындағы «Атадан  – өсиет, анадан – қасиет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы «Ұлттық ойын- ұлт қазынасы» жобасын А.А.Жолдасбаева, А.А.Капасова, П.Е.Казкен, О.Р.Өміртай, Н.Т.Омарғали таныстырса, П.А.Сатыбалдина, М.С.Сагатбекова «Сарқылмайды Сәкеннің жыр-бұлағы» тақырыбында   үгіт- насихат тобын ұйымдастырып, оқушылар Сәкен өлеңдерін мәнерлеп оқып, өз өнерлерін көрсетті. «Сабақты зерттеу – сапалы білім негізі» бағытында М.М.Тлеубекова, А.К.Аханова, А.А.Керейбаева Lesson Study сабақты зерттеу жұмыстарыиен бөліссе, «Критериалды бағалау және оқушылардың білім деңгейін анықтау тиімділігі» бағытында А.А.Адильбекова, Г.Б.Шарипова, А.С.Ахметжанова шеберлік сыныптар өткізді.  Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «В.Г.Астафьев «Деревья растут  для всех» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Семинар соңында  А.А.Смагулова «Жалынды күрескер ақынның мұрасын қастерлейік!» атты мұражаймен таныстырылым  ұйымдастырды.

«Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ-сі семинарға қатысушыларды «Біздің мектеп - лицей парламенті әрекетте» үгіт - насихат тобының өнерімен қарсы алып, Е.Б.Амантай «БАЛҚАШ STEAM СЕРПІНІ» жобасы – болашаққа қадам!» көрме-презентациясын таныстырды. Іс-тәжірибемен бөлісу: Lesson Study: «Сабақты зерттеу – сапалы білім негізі» бағытында А.Т.Садвокасова іс-тәжірибесімен бөліссе,  «Критериалды бағалау технологиясы: ашық сабақтар сериясы» бағытында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Т.Сартаева «Healthy habits» тақырыбында, биология пәнінің мұғалімі П.Бақытқызы «Модельдеу. Адамның генеалогиялық шежіре ағашын құру»  тақырыбында, бастауыш сынып мұғалімі Г.М.Жуманова 3 А сыныбында математика пәнінен «Жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін қолдану». Қазақстанның танымал жазушылары» тақырыбында ашық сабақтар өткізді. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру тәжірибесі бағыты бойынша «Fashion studio» салтанатты шеруі, «Бұрымды қыздар шеруі» ұйымдастырылды.

Балқаш қаласындағы инновациялық мектептер педагогтардың инновациялық тәжірибесін тарату –білім беру кеңістігін дамыту жолдындағы   стратегиялық  бағдарламаларының нәтижелі жұмысын көрсетті.