
2025 жылдың ақпан айының 17 және 18 жұлдызында Қарағанды облысы «Психологиялық қолдау орталығы» КММ мамандары Балқаш қаласы мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметке әдістемелік сүйемелдеу жүргізу және білім беру үдерісіне қатысушылардың психологиялық саулығын нығайту мақсатында интервизия және супервизия өткізді. Келген қонақтар ең алғашқы жұмысын «№1 ЖББМ» КММ мен «№4ЖББМ» КММ бастады. Себебі аталған мектептерде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының тапсырмасымен жобалық кеңсе қызметі енгізілген. 18 ақпан күні келген мамандар Оқушылар сарайы және «Ә.Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицей» КММ базасында жоспар бойынша жұмыстарын бастады. Супервизияның ерекшелігі, ПҚО мамандары мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен педагог-психологтарына арнап «Балабақшаның білім беру кеңістігіндегі психологиялық қолдаудың рөлі» атты семинар-тренингтің өткізілуі болды. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары мен әлеуметтік педагогтарға «Аутодеструктивті, бейәлеуметтік және тәуелділік мінез-құлқының алдын алу» және педагог-психологтар мен жоғарғы сынып оқушыларына «Мектеп медиация қызметін дамыту» семинар-тренингі ұйымдастырылды.
Іс-шараға 15 директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, 12 әлеуметтік педагог, 21 педагог-психолог, 26 жоғарғы сынып оқушылары, мектепке дейінгі ұйымдарға өткізілген семинарға 14 әдіскер және 16 педагог-психолог қатысты.