«Мамандықты дұрыс таңдау-ертеңгі жетістіктің кепілі» атты ашық есік күні

«Мамандықты дұрыс таңдау-ертеңгі жетістіктің кепілі» атты ашық есік күні

2025 жылғы 10 ақпанда №4 жалпы білім беретін мектепте «2025 жыл -Жұмысшы мамандықтарының жылы» аясында «Мамандықты дұрыс таңдау-ертеңгі жетістіктің кепілі» атты ашық есік күні өтті. Іс -шараға қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, қала мектептерінің директордың бейіндік ісі жөніндегі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, кәсіби бағдар беруші мамандары, психологтар қатысты. Ашық есік күнінің негізгі мақсаты: мектептің кәсіптік бағдар беру жұмысын жандандыру. Іс-шарада дебат, алғашқы әскери дайындық, медицина, экология, математика, кәсіби бағдар бейіндік сыныптарының жұмыстары көрсетілді. Сонымен қатар қала колледждерінің мамандары мен студенттері келіп өз тәжірибелерімен бөлісті.