2025 жылғы 5 ақпанда Балқаш қаласы білім бөлімінің «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында құрылған іс-шара жоспарына сәйкес, Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде «Сен де –бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар,қалан!» атты Ашық есік күні өтті.
Іс-шараға қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, қала мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары, педагог- кәсіби бағдар берушілер, психологтар қатысты.
Ашық есік күнінде әр түрлі мамандық бойынша секциялық жұмыстар өткізілді:
«Мен таңдаған мамандық – аспаз» тақырыбында ата-аналар мен оқушылар қатысқан мастер класс.
«ҚарУ – біздің ғылыми-зертханалық технопарк» тақырыбында жаратылыстану бағытындағы мамандықтарға бағыттау жұмыстарын жарнамалау көрмесі – физика және нанотехнология, математика және информатика, зоология.
«Медицинаға қадам» жобасы аясында «Дәрігерлер академиясы» интерактивті ойыны. Медициналық сыныптар жұмысы.
STEAM.KZ – Оқушылар қарапайым механизмдерарқылы көтергіш кран жасап, оны қалай жұмыс істейтінін түсіндірді. 3D принтер қалай жұмыс істейтіні, эксперимент арқылы жанартаудың атқылауын көрсетті.
«Спорт – бақытқа апарар жол» тақырыбында «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжінде оқитын түлектер мен 9 сынып оқушылары арасында спорттық сайыс.
Сонымен қатар, мектеп алды даярлық сыныбы мен бастауыш сынып оқушыларының «Мамандықтар әлемінде» (оқушылар көзімен) көрмесі өтті.