
Ә.Бөкейханов атыңдағы №15 мектеп-лицейінің «Таңшуақ» шағын орталығы базасында 07 ақпан 2025 ж. «Біртұтас тәрбие» кешенді бағдарламасын, облыстық жол картасын (мектепке дейінгі ұйымдар мен мектеп жұмысындағы сабақтастық) іске асыру аясында қалалық мобильді топтың қатысуымен «Ұлттық құндылық біздің байлығымыз» атты қалалық семинар өтті. Педагогтар өз ойларымен бөлісті, дидактикалық материал, өздерінің төл туындылары -ұлттық нақыштағы көрме материалын жасады.
Шағын орталықтардың психологтары семинарға қатысушылармен қызықты интерактивті ойын ұйымдастырып, шағын орталықтардың тәрбиеленушілеріне арналған шағын концерттік бағдарламамен аяқталды. Білім бөлімінің жауапты әдіскері Б.Қожаева.