"Ұланымыз Ұлы елдің" ту ұстаушылар топтарының қалалық байқауы

"Ұланымыз Ұлы елдің" ту ұстаушылар топтарының қалалық байқауы

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы «Шабыт» жобасы «Тәуелсіздік және Отаншылдық» құндылық негізінде Балқаш қаласы Білім бөлімімен бірлесіп Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайында 2025 жылдың 20 қаңтар күні дәстүрлі Жас Ұлан" ББЖҰ мүшелері арасында" Ұланымыз - Ұлы елдің " ту ұстаушылар топтарының ХІІІ қалалық байқауы ұйымдастырылды.
Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, білімге және өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысты, іске жауапкершілікпен қарауды, ел тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына қатысуын қалыптастыру мақсатында байқауға қала мектептерінің 13 ту ұстаушы тобы қатысты. Қазылар алқасы: элементтердің орындалуының анықтығын, туды шығарудың, тағзым етудің, ауысымдарды көрсетудің дұрыстығын, топтың сыртқы келбетіне ерекше назар аударды: ұқыптылық, форманың біркелкілігі және тиісті пәрмендерді беруін бағалады.
Саптық-байқау қорытындысы бойынша:
I орын - Ә.Бөкейханов атындағы №15 м/л
II орын- А.Ермеков атындағы м/л, Б. Момышұлы атындағы ЖББМ
III орын - ЖББМ№3, ЖББМ №9, әл-Фараби атындағы ЖББ мектеп,
"Үздік командир" номинациясында - №5 ЖББМ Даривхан Жандос, Юнусова Айсу ЖББ №1 мектеп марапатталды.
І, ІІ орын иегерлері облысқа жолдама алды.
Жеңістеріңіз құтты болсын!