2025 жылғы 17 қаңтарда “Тілге бойлау” республикалық жобасы аясында Балқаш қаласының мектепке дейінгі ұйымдардың құзыреттілік орталығы “ Балақай” бөбекжайы” КМҚК мен “Айгөлек”, “Ручеёк”, “Балауса”, “Күншуақ” бөбекжайлары - өсу нүктелерінің бірігіп ұйымдастырылған “Қазақ тілін балабақшада жан-жақты дамыту: Әдістемелік ұсыныстар” тақырыбында семинар - практикумы өтті.
Туған тілге деген сүйіспеншілікке мектеп жасына дейінгі шақтан бастап баулу маңызды. Түрлі іс - әрекет барысында ( сюжеттік - рөлдік ойындар, диалог дүкені, емхана, қазақ тіліндегі санамақтарымен ұсынылған ұлттық спорттық ойындары және үш тілде ұсынылған “Тентек марғаулар” мюзиклі).
Тәрбиешілер мен педагогтар ойын арқылы және дидактикалық материалдар арқылы балалардың қазақ тіліне деген қызығушылығын дамытуға болатынын ұсынды.