2025 жылдың 14-15 қаңтарында “Заманауи басшы - білім берудегі өзгерістер көшбасшысы” тақырыбындағы білім бөлімдерінің басшылары мен мектеп директорларын бір алаңға жинаған, аймағымыздың білім беру саласын жан-жақты зерделей отыра түйіткілді мәселелердің шешу жолдарын саралаған форум өтті. Халықаралық және отандық сарапшылардың зерттеулерін ұтымды жеткізе білген білікті спикерлердің дәрісі мен әдіс-тәсілдері де бір арнаға түйісті. Іс-тәжірибені арттыруға, өзгеріске икемді болуға серпіліс берген жаңашыл форумнан тағылымды кейстер мен инсайттар ала отырып, көңілге көп нәрсені түйіп қайыттық.
Сонымен қатар, өткен жылдың қорытындылары да сараланды.
Мемлекеттік аттестациядан мүдірмей, оң нәтиже көрсеткен Балқаш қаласының әл-Фараби атындағы жалпы білім беретің білім ордасының, білікті директоры Саягул Тұрарқызы Сыздықова, Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Білікті басшылар қатары арта берсін! Құттықтаймыз!!!