2024 жылдың 18 желтоқсан күні №10 облыстық арнайы мектеп-интернатында «№7
психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» ашылды. Бұл кабинетке ПМПК
(психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес) корытындысы бойынша
психофизикалық бұзылыстары бар 0 жастан бастап 18 жасқа дейінгі балалар түзету-дамыту сабақтарына 5 қаңтардан бастап жазыла алады. Балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалынды.
Кабинетте барлық қажетті мамандар: дефектолог, логопед, тифлопедагог, сурдопедагог, жаттығу
терапиясының нұсқаушысы және т.б. жұмыс жасайды. Толық ақпаратты Ж. Әбуғалиев көшесі 2, №10 арнайы интернаты мекенжайы бойынша алуға болады.