
"Біртұтас тәрбие" жаңартылған бағдарламасын және "Бірлік пен ынтымақтастық" айының тақырыбын, сондай - ақ қалалық мобильдік топтың жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде 2024 жылғы 10-13 желтоқсан аралығында Балқаш қаласының "Ручеек", "Күншуақ", "Жұлдыз" мектепке дейінгі ұйымдарында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті.
Мобильді топ мүшелері жергілікті жерлерде білім беру мен қоғамның түрлі аспектілерін жақсартуға, балаларды, ата-аналарды, педагогтарды "Шабыт", "Ұшқыр ой аланы" сияқты жобаларға және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша үлгілік оқу бағдарламасының бағдарламалық міндеттеріне тарту арқылы жеке құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған білім беру бастамаларының қалай іске асырылып жатқанын көрді:
сөйлеуді дамыту,
Мобильді топ мүшелері (білім бөлімінің әдіскері – Қожаева Б.Қ., «Балақай» КММ қазақ тілі пәнінің мұғалімі – Уайденова Н.М., «Айгөлек» ҚГКП психологтары – Машурбекова Б.В., «Ертөстік» ҚГКП-ның психологі – Муталиева Р.С.) Әр бақша осы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша тиісті ақпараттар берді.
Іс-шаралар балалардың әр түрлі формалары мен іс-әрекеттерінде өтіп, ұмытылмас әсерлер мен өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін қалдырды!