«Сарбаз сахнасы» облыстық шығармашылық байқауының қорытындысы

«Сарбаз сахнасы» облыстық шығармашылық байқауының қорытындысы
2024 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында «Жас сарбаз» сынып оқушылары арасында «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығының ұйымдастыруымен «Сарбаз сахнасы» облыстық шығармашылық байқауы өтті.
📌Сайыс жас ұрпақтың бойында отансүйгіштікке, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
✅Облыстық «Сарбаз сахнасы» шығармашылық байқауына «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-нен Жас сарбаздар қатысып, «Жас Сарбаз вальсі» номинациясы бойынша жүлделі 🥈ІІ орын (жетекшісі Байтұрғанова А.Т.) және көркем сөз оқу байқауында «Тәуелсіздік толғауы» номинациясы бойынша Бүркітбай Нұрислам (жетекшісі Абдуалиева З.Н.) жүлделі 🥈 ІІ орынға ие болды.
🎙️Құттықтаймыз!