«Жыл мұғалімі-2024» облыстық байқауының қорытындысы

«Жыл мұғалімі-2024» облыстық байқауының қорытындысы
Ұстаздардың өзін-өзі жан-жақты қырынан көрсетуіне, кәсіби шеберлігінің шыңдалуына мүмкіндік беретін облыстық «Жыл мұғалімі-2024» байқауында қаламыздың намысын қорғаған Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп гимназиясы» КММ-нің физика пәні мұғалімі Жумадилова Айдана Тлепбекқызы бас жүлдені иеленді.
«Жыл мұғалімі-2024» байқауының 2 кезеңіне Қарағанды облысының аймақтарынан жалпы- 23 педагог қатысты. Оның математикалық- жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдер саны-9.
Байқаудың ережесіне сәйкес Айдана Тлепбекқызы 18-қараша күні байқауының екінші кезеңінде Шәкәрім атындағы гимназияда 8-сыныптарға «Жылу қозғалтқыштары» тақырыбында сабағын және «Адал адам, адал еңбек, адал табыс» тақырыбында сынып сағатын өткізіп, 510 балмен бағаланды. Қатысушы педагогтер арасында балдық көрсеткіші ІІІ орында тұрды.
Үшінші қорытынды кезеңге 9 мұғалім іріктеліп алынды. Финалда өзінің шығармашылығымен, креативтілігімен дараланған әріптесіміз - Айдана Тлепбекқызы «Жыл мұғалімі» атанды. Бас жүлде иегеріне ынталандыру мақсатында 350.000 теңгелік сертификат табысталды. Бұл байқаудың облыстық, қалалық кезеңдерде ақтық мәреге жеткен әр ұстаз үздік, жүзден жүйрік деп санаймыз. Қаламыздың жеңіс төрінен орын алған әр педагог ұстаз мәртебесін асқақтатып, әріптестерін жетістікке жетелейді.