
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында және "Біртұтас тәрбие" жаңартылған бағдарламасының міндетін іске асыру барысында 2024 жылғы 07 желтоқсанда Ағыбай батыра атындағы Оқушылар сарайнда қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының еңбек ұжымдарының қатысуымен «Ән пернесін шерткізген туған жерім» атты халықтық, патриоттық ән байқауы өтті. Балабақша – бұл жаңа Қазақстанның өскелең ұрпағын Отанын сүюге үйренетін алғашқы саты, қаланың мектепке дейінгі тәрбиешілері өздерінің жеке үлгілері мен байқауға қатысуы арқылы ұрпақтар сабақтастығын, мәдени мұраға деген сүйіспеншілік пен құрметті сахнада көрсетті. Жарысқа меншік нысанына қарамастан қаладағы мектепке дейінгі ұйымдардың 16 командасы қатысты. Байқау қорытындысы: Бас жүлде «Бөбек» КМҚК, 1 орын – «Таңшолпан» КМҚК; 2 орын – «Ертөстік» КМҚК, «Інжу» шағын орталығы №9 орта мектебі; 3 орын – «Балақай» КМҚК, «Балауса» КМҚК, «Таңшуақ» шағын орталығы Ә. Бөкейханова №15 МЛ.