Жас сарбаздардың ант қабылдауы сарбаздар үшін маңызды және салтанатты рәсім.
05.12.2024ж. күні Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде Жас сарбаз сыныптарының ант қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиынға №53898, №31765, № 44804-Б әскери бөлімдерінің офицерлері, Балқаш қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері,
қамқоршылық кеңесінің, ата-аналар төрайымы және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және ата-аналар қатысты. Жас сарбаздардан ант қабылдау рәсімін №53898 әскери бөлімінің офицері, лейтенант Ахан Бақытбек Бейбітбекұлы және №31 765 әскери бөлімінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің офицері, лейтенант Сүлейменов Мерей Николайұлы атқарып, куәліктерін тапсырды.
Әрбір жас сарбаз туды құрметтеуге, қадірлеуге міндетті. Отанына адал қызмет тұтуды мақсат тұтқан жас сарбаздар жылдағы дәстүр бойынша Туға тағзым етеді. Туға тағзым жасау рәсімін оқу озаты Амангелді Бейбарыс орындады. Мектеп директоры Ж.К. Жетписбаева «Жас сарбаз» қатарына қосылған сарбаздарды құттықтап, бірқатар оқушыларға әскери шен атағын тапсырды. Жиын соңында Сарбаздар салтанатты шерумен жүріп, өнерлерін көпшілік назарына ұсынды.