2024 жылғы 14-15 қарашада жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың екінші қалалық кезеңі өтті. Олимпиадаға барлығы 188 оқушы қатысты. Олимпиаданың мақсаты-дарынды балаларды анықтау, дамыту және жекелеген пәндерде ерекше дарындылық танытқан оқушыларды көтермелеу, пәнге қызығушылықты арттыру.
Олимпиадаға қатысушылар қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, жаратылыстану ғылымдары, орыс мектептеріндегі қазақ тілі, қазақ әдебиеті бойынша тапсырмаларды орындады