14.11.2024 күні облыстық «Үздік тарихшы-2024» байқауының қалалық кезеңі өтті. Ережеге сәйкес, байқаудың алты кезеңін зерделеу үшін арнайы сараптамалық комиссия құрылды.
«Оқытудағы жасанды интеллект: тек тәжірибе!» атты бастапқы үш номинацияны (45 минуттық бейнесабақ, әдістемелік өнім, сыныптан тыс іс-шараның әзірлемесі) сараптау онлайн форматта жүргізілді.
Ақтық кезең («Визит карточкасы», «Тарихи тұлғалар» қойылымы, «TEDx» идеялары) офлайн форматта Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде өтті.
Байқау нәтижесінде:

«Бас жүлде» - Спатаева Ш.С., С.Сейфуллин атындағы №7 МГ тарих пәнінің мұғалімі;

орын - Булендинова А.М., әл-Фараби атындағы ЖББМ тарих пәнінің мұғалімі;

орын - Тукай Г., Ә.Бөкейханов атындағы №15 МЛ тарих пәнінің мұғалімі;

орын - Касенова А.Б., Абай атындағы №2 МЛ тарих пәнінің мұғалімі иеленді.

«Бас жүлдені» иеленген С.Сейфуллин атындағы №7 МГ тарих пәнінің мұғалімі Спатаева Ш.С. Қарағанды қаласында өтетін облыстық кезеңге жолдама алды.