
🎙️2024 жылғы 11 қарашада 5-6 – сынып оқушылары арасындағы математика пәнінен республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты: Математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтау, олимпиадалық резерв қалыптастыру.
✅Олимпиадаға қалалық кезеңіне барлығы 75 оқушы қатысты: 5-сыныптан 41 оқушы, 6-сыныптан 34 оқушы.Оқушыларға ұсынылған тапсырмалары үш бөлімнен тұрды.
🏆Жоғары ұпай жинаған 10 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды.
🎙️Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!