Мектепалды даярлық топтарында ұйымдастырылған іс-шараларға өзара бару апталығы

Мектепалды даярлық топтарында ұйымдастырылған іс-шараларға өзара бару апталығы

Балқаш қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында облыстық жол картасын (Қарағанды облысының білім басқармасы) және «Менің инновациялық портфолиом» қалалық жобасын (қолдауы бойынша) іске асыру шеңберінде мектепалды даярлық топтарында ұйымдастырылған іс-шараларға өзара бару апталығы өткізілуі жалғасуда.
Мектептерде жұмыс істейтін мектепалды даярлық педагогтары, бастауыш сыныптардағы білім беру бөлімдерінің меңгерушілері балабақшалардағы тәрбиешілердің әдістемелік кейстердің түрлі құралдарының қолданыстарын көрді.
Апталықтың мақсаты – мектепке дейінгі тәрбиешілермен жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқу-тәрбие үдерісінің сабақтастығы мен үндестігін қамтамасыз ету. Бүгін 20.11.2024 жылы «Айгөлек» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының тәрбиешілері (Тарасенко О.Н. «Непоседы» тобы, Акбаева Н.Т. «Гүлдер» тобы) әдістемелік тәжірбиелерімен бөлісті. Біріктірілген тәсіл және планшеттерге жаңа интерактивті ойындар енгізу; технологиялар: (алғашқы инженер – двигателдің жинақтығы және эксперимент – отшашу) балалармен жұмыстың ұжымдық және жеке түрлері ұйымдастырылған .«Непоседы» тобының сабағы фиксик Ноликпен бірге мазмұны жағынан өте қызықты, әрі жүйелі болды.
Ұйымдастырылған іс-шараларды апталығы өз жалғасын табуда, яғни балабақша мен мектеп мұғалімдерінің ынтымақтастығы жалғасуда!