"Мектепке дейінгі ұйымдарында ата-аналарға арналған консультациялық пункт ұйымдастыру" тақырыбында кеңес

"Мектепке дейінгі ұйымдарында ата-аналарға арналған консультациялық пункт ұйымдастыру" тақырыбында кеңес

Аумақтық Жол картасын және қалалық мобильді топтың жұмыс жоспарын іске асыру аясында 2024 жылдың 18 қарашасында жекеменшік "AQNUR " бөбекжайының базасында қаланың екі жекеменшік балабақшаларының әкімшілік қызметкерлері және мамандарға арналған әдістемелік кеңес беру жұмысы ұйымдастырылды. Кеңес тақырыбы: "Мектепке дейінгі ұйымдарында ата-аналарға арналған консультациялық пункт ұйымдастыру". Мобильді топ мүшелері -әдіскерлер Б.К. Кожаева(білім беру бөлімінің әдіскері), Е. Садикова(КМҚК "Таңшолпан" бөбекжайы), А. Шайгозова(КМҚК "Алпамыс" бөбекжайы) жекеменшік МДМ әріптестеріне ата-аналарға арналған КП жұмысын іске асыру жолдарын көрсетіп, түсіндірді. Мобильді топ әдіскерлері жекеменшік бөбекжайларында ресми сайтын ашуды ұсынып, арнайы парақшада балабақшамен қамтылмаған мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункт жұмысы туралы ақпаратты жариялауды ұсынды.