Қарағанды облысы сынып жетекшілерінің І құрылтайы

Қарағанды облысы сынып жетекшілерінің І құрылтайы

“Ұлттық құндылықтар-ұлықталған құрылтай” дәл осы тақырыпта Қарағанды қаласында 1 қараша күні Қарағанды облысы сынып жетекшілерінің І құрылтайы өтті.
📌Мақсаты: рухани-адамгершілік қасиеттерді, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді, парасаттылық пен адалдықты дамыту, сынып жетекшілердің ұлттық мәдени құндылықтарды оқушының бойына үйлесімді сіңіру бойынша озық тәжірибе алмасуы.
🔹Құрылтай үш блоктан тұрды:
1. Көрме
2. Сынып сағаты мен сыныптан тыс жұмыс бойынша шеберлік сағаттары
3. ⁠Пленарлық отырыс.
🔸Пленарлық отырыс барысында Республикамызда биыл бірінші рет ұйымдастырылған “Үздік сынып жетекші-2024” байқауының облыстық кезеңінің жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өткізілді.
🏆Қаламыздан облыстық кезеңге қатысып, жүлделі І орын иегері атанған “әл-Фараби атындағы ЖББМ” @balkhash_alfarabimektep бастауыш сынып мұғалімі Айкүнім Ерланқызы Қалқаман арнайы диплом мен 200 000 теңге сертификатқа ие болды.
🎙️Құттықтаймыз!