30 қазан күні «Ә.Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ-де «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ басшысы К.Дубирбекованың қатысуымен кеңейтілген кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысында білім бөлімі әдіскерлері, мектеп директорлары және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары 2024-2025 оқу жылының бірінші тоқсанына аналитикалық талдау жасады.

Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
1.Мақсатты мектептер бойынша жалпы ақпарат.
2.«Мақсатты мектеп: білім сапасын арттыруға бағытталған негізгі іс-шаралардың орындалысы». 2023-2024 оқу жылы І тоқсанда жоспар бойынша орындалған іс-шаралар туралы
3.«PISA-2025» зерттеуіне ұйымдастырылған дайындық жұмыстары туралы
4.ҰББДҚ -ы негізгі көрсеткіш:сапалы толтыру және жауапкершілік