
2024 жылғы 28 қазанда Жол картасын іске асыру шеңберінде қалалық мобильдік топтың мүшесі - білім бөлімінің әдіскері Б. Қожаева ZOOM форматында қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының директорларымен және әдіскерлерімен жұмыс тобының отырысын өткізді. Күн тәртібіндегі мәселе 23 қазанда Өскемен қаласында өткен "Құзыреттілік орталықтары: тәжірибе, инновациялар, перспективалар" республикалық семинары делегаттарының ақпараты болды. Барлық мектепке дейінгі ұйымдар республикалық шығармашылық алаңдардан презентациялар алды, өздерінің білім беру үдерісіне жаңа технологиялар мен инновациялық жоспарды енгізу перспективаларын белгіледі.