«Жас Сақшы» сыныбының ашылу салтанаты

«Жас Сақшы» сыныбының ашылу салтанаты
2024 жылдың 23 қазаны күні «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Жас Сақшы» сыныбының ашылу салтанаты болып өтті.
👮🏻‍♀️“Жас Сақшы” полицей сыныптарын құру ҚР Ішкі істер министрлігінің басым жобасы және ең алдымен патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге, мектеп ортасында құқық бұзушылықтың алдын алуға және мамандық таңдауда көмек көрсету мақсатында, Қарағанды облысының полиция департаменті және облыстық білім басқармасымен бекітілген өзара ынтымақтастық туралы меморандум негізінде ашылып отыр. «Жас Сақшы» сыныбына 7В сыныбы толық құраммен қабылданды.
🎙️Салтанатты жиынға қала әкімінің орынбасары Жаксылыкова Саягуль Жаксылыковна, Қарағанды облысы полиция Департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Даурен Алпысбаевич Ибраев, Қарағанды облысы оқу әдістемелік орталығының Ресурстық орталық және шағын жинақтық мектептер лабораториясының ғылыми жетекшісі Контаев Сабит Сеитович, Балқаш қаласының полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Кадрин Айткен Армияевич, ардагерлер және бірқатар полиция қызметкерлері және қалалық білім бөлімінің басшысы Қарлығаш Шәкәрімқызы Дүбірбекова, әдістемелік кабинет әдіскерлері, орта білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
✅Жиында «Жас Сақшы» сыныбына қабыланған оқушылар салтанатты түрде ант беріп, Балқаш қаласы полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Нуркен Алапгарович Джортбасов «Жас Сақшы» куәлігін табыстады.
🎙️Салтанатты жиында келген қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға сәттілік тіледі.
🇰🇿Жасөспірімдер санасына ерлік пен батырлықтың, рух пен жігердің түп-тамырын танытып, жоғары жауапкершілікті бойына сіңіру мақсатында ұйымдастырылып жатқан шаралар оқушылар бойында үлгі-өнеге болары сөзсіз.
🎙️Жас сақшылар егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуына тілектеспіз!