2024 жылдың 21 қазан күні ақиық ақын С.Сейфуллинның 130 жылдығына орай қалалық 7-8 сыныптар арасында «Асық ату», 5-11 сынып оқушылары арасында «Тоғызқұмалақ» жарысы өтті. «Асық ату» жарысына 10 команда (3 ұл баладан) қатысса, «Тоғызқұмалақ» жарысына 6 команда (1 ұл, 1 қыз) қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында қалалық білім бөлімінің әдіскері Мағза Берлібек Балтабекұлы сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Асық атуға бас төрешілік жасаған дене шынықтыру пәні мұғалімі Өміртай О.Р., тоғызқұмалақтан бас төрешілік жасаған мектебіміздің «Шахмат» үйірмесінің жетекшісі Исабаева.А.Т. ойын ережелерімен таныстырып, қазылық жасады. Жарыс қала мектептері арасында тартысты өтті.

Жарыс қорытындысы:
Асық атудан:

І орын «Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ командасы;

ІІ орынды «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ командасы;

ІІІ орын «Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББ мектебі» КММ командасы.

Тоғызқұмалақтан:

І орын «Әл-Фараби атындағы ЖББ мектебі» КММ командасы;

ІІ орын «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ командасы;

ІІІ орын «Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББ мектебі» КММ командасы.

Құттықтаймыз!