Қалалық "Мектеп парламенті" президентін сайлау

Қалалық "Мектеп парламенті" президентін сайлау
25 қазан – Қазақстан Республикасының Республика күніне орай «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында 2024 жылдың 18 қазан күні «Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы» КМҚК-да қалалық «Мектеп парламенті» президентінің сайлауы өткізілді. Сайлауға 16 президенттің арасынан 6 үміткер өз бағдарламасын ұсынды.
Мектеп парламенті – бұл оқу-тәрбие процесінің мәселелерін шешуде мектеп әкімшілігінің таптырмас көмекшісі, білім алушылардың білім беру ұйымын бірлесіп басқаруға, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі мәселелерді шешуге қатысу нысаны. Мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.
1. Айткелді Бексұлтан - Абай атындағы №2 м/л.
2. Даривхан Жандос - ЖББ №5 мектеп.
3. Есен Назым – С.Сейфуллин атындағы №7 м/г.
4. Ракишева Аружан – Ә.Бөкейханов атындағы №15 м/л.
5. Серғазы Аруай – әль – Фараби атындағы ЖББ мектеп.
6. Өміржан Жантөре – М.Русаков атындағы м/и.
Әр үміткер өзінің сайлау алды бағдарламаларын қорғап, таныстырды.
Барлық үміткердің бағдарламаларын тыңдап болғаннан кейін аға тәлімгерлер «Жас ұлан» ұйымының Ұланбасылары қала мектептерінің президенттері дауыс беру арқылы өздері қалаған үміткерге дауыс берді. Дауыс беру нәтижесі бойынша қалалық «Мектеп парламентінің» президенті болып Ә.Бөкейханов атындағы №15 м/л 10 «Ә» сынып оқушысы Ракишева Аружан сайланды. Білім бөлімінің әдіскері Мағза Берлібек Балтабекұлына қалалық «Мектеп парламенті» президентінің төс белгісімен куәлік табыстау құрметі берілді. Қалалық «Мектеп парламенті» өз жұмысын қайта жандандырды!