
2024 жылдың 17 қазан күні Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №10 жалпы білім беретін мектеп базасында информатика пән мұғалімдерінің ашық Республикалық шығармашылық байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқауға барлығы 23 мұғалім қатысты.
📌Байқаудың мақсаты мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, оларды қолдау, ынталандыру және үздік педагогтарды анықтау, облыстық кезеңге жолдау. Қатысушыларға Python тілінде 5 бағдарламалау тапсырмасы берілді.
✅Байқау қорытындысы бойынаша 🥇1 орынды "Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицей" КММ-ң информатика пәні мұғалімі Подшивалова Валерия Игоревна, 🥈2 орынды "Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-ң информатика пәні мұғалімі Копиев Шынгыс Нурланулы, 🥉3 орынды "әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-ң информатика пәні мұғалімі Максутова Гульжахан Кашебдиновна иеленді. Осы жүлделі орын алған мұғалімдерге облысқа жолдама берілді.
🎙️Құттықтаймыз!!!