2024 жылы 8 қазанда «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ басшысы офлайн форматта жиналыс өткізді. Күн тәртібінде белгіленген барлық мәселелер қарастырылып, талқыланды:
1. Құзіретті орталықтардың есебі және перспективті жоспары туралы.
2. Нысаналы мектептердің жұмысы туралы.
1-мәселе бойынша «Ә. Бөкейханов атындағы №15мл» директоры Токейбекова, «Ә. Ермеков атындағы мл» КММ директоры Ш. Алишева, «Балақай» бөбекжайы» КМҚК директоры З. Мухаметжанова сөз сөйледі.
2-мәселе бойынша «М. Русаков атындағы мектеп-интернаты» КММ директоры Жамшыбаева П. С. сөз сөйледі.
Жиналысқа қаламыздың барлық білім беретін ұйымдарының директорлары мен орынбасарлары қатысты.