
06.09.2024 күні «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы шеңберінде берілген «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасын іске асыру аясында Балқаш қаласының білім бөлімінің басшысы, әдіскерлері мен менторлары №9 жалпы білім беретін мектебі, №10 жалпы білім беретін мектебі, М.Русаков атындағы мектеп-интернаты және Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі ұжымымен кездесті. Білім бөлімінің басшысы К.Ш.Дубирбекова білім саласындағы сапаны арттырудағы жобаның негізгі мақсатына, атқарылған және атқарылатын шараларға тоқталды. Әдіскер-ментор К.К.Айнабекова мектептердің жеке портреті, оқу сапасын арттырудағы ішкі және сыртқы мониторинг, цифрландыру және тағы басқа да әдістемелік мәселелерге нұсқаулық берді.