Мүгедектігі бар және ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналармен кездесу

Мүгедектігі бар және ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналармен кездесу

2024 жылдың 25 қыркүйегінде білім бөлімінің басшысы К.Ш.Дубирбекованың қатысуымен мүгедектігі бар және ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында білім бөлімінің әдіскері М.О. Жунусова 2023-2024 оқу жылында ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылармен, мүгедектігі бар оқушылармен жүргізілген жұмыстар бойынша есеп беріп өтті. Кездесуге ПМПК басшысы М.Д. Конкаков қатысып, Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды педагогикалық-психологиялық қолдау көрсетудің ерекшеліктері бойынша ақпарат берді. Кездесуде ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.