
Республикалық «Үздік педагог» конкурсының қалалық кезеңі мәресіне жетті.
Еліміздің түпкір түпкірінен байқауға қатысуға ниет еткен әр ұжым осы конкурсқа қатысу үшін мұғалімдердің портфолиосын әбден елеп-екшеп, әр қырынан жан-жақты саралап, сіңірген еңбегінің аумағы мен салмағын әділ таразылап, мықтылығына еш шүбә жоқтығына көз жеткізіп барып, додаға қосты.
Қарағанды облысы білім басқармасының «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ-не қарасты білім беру ұйымдарынан 1-этапқа 9 педагог қатысты:
Қала деңгейінде құрылған комиссия мүшелерін қатысушы мұғалімдердің ізденімпаз, шығармашылық қиялы кең, бәсекеге қабілеттілігі айқын, жоғары санатты, жетістігі мол, нәтижелі және белсенді жұмыс істеп, әр деңгейдегі конкурстар мен олимпиада жеңімпаздарын дайындап жүргені тәнті етті. Комиссия шешімімен облыстық кезеңге кәсіби тұрғыдан өзгелерден ерекшеленіп, ұжымына еңбегі сіңген, білім беру саласына елеулі үлес қосқан 80 ұпайдан жоғары жинаған екі педагог ұсынылды. Олар:
«Үздік педагог» конкурсының қалалық кезеңіне қатысқан педагогтерді марапаттау Ұстаздар кұні қарсаңында салтанатты түрде өтеді.