Балқаш қаласының мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің тамыз секциясы

Балқаш қаласының мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің тамыз секциясы

2024 жылғы 26 тамызында Бауыржан Момышұлы атындағы № 8 мектеп базасында директорлардың, әдіскерлердің, балабақшалар мен мектепалды даярлық сыныптарының педагогтарының қатысуымен қаланың мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің тамыз секциясы өтті. Секция жұмысы барысында өткен оқу жылының қорытындысы шығарылып, педагогтар марапатталды, "Балақай интерактивті оқыту және робототехника бойынша" балабақша педагогтарының жұмыс тәжірибесі көрсетілді. Мектепке дейінгі педагогтарға BILIM KIDS презентациялары, "Сова +" интерактивті бағдарламалар жиынтығы және балабақшаларда Gigital технологияларын дамытуға бағытталған "Кубик", "Колибри" бағдарламалық - мультимедиялық кешені ұсынылды. Секция жұмысының соңында ұсыныстар беріліп, 2024-2025 жылдарға арналған жаңа міндеттер мен бағыттар белгіленді:
- Балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі;
- ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу;
- экологиялық тәрбие;
- сапалы мектепке дейінгі білім беру;
- КБПЖ жұмысы;
- мобильді топтардың жұмысы.