Мектепалды сыныптары мен топтары тәрбиешілерінің ұйымдастырылған іс-әрекеттерін өзара қарау апталығы жалғасуда. 11.04.2024 күні №10 мектепте педагог И. Н. Рахматулина «Ғажайып жанымызда» тақырыбында және №9 мектепте педагог К. С. Сейтханова «Ғарышқа саяхат», тәрбиеші М. Б. Есенова «Дыбыстық талдау» тақырыбы бойынша сабақтар өткізді.
12.04.2024 күні С. Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының педагогтері Қаскен П.Е. «10 көлемдегі сандарды тура және кері санау», Капасова А.А. «Ерекше білімді қажет ететін балаларға түзету-дамыта көмек берудегі тиімді әдістер» тақырыбында; Б.Момыш-ұлы атындағы № 8 ББМ педагогтері Жамбосынова А.М «Дыбыстық талдау», Алгадаева П.Б «Көктем сәні, Көрікті көктем» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетті.