
Аталмыш платформа педагогтерге пәндік оқулықтарды таңдауға мүмкіндік береді.
ETANDAU.GOV.KZ платформасы педагогтер, мектеп директорлары, әдістемелік бірлестіктер мен білім басқармаларының басшылары үшін қолжетімді. Жүйе оқулықты таңдау үрдісін автоматтандыра отырып, қабылданған шешімдердің объективтілігі мен ашықтығын арттыруға ықпал етеді.
Түсіндіру және осы платформада жұмыс жасауды оқыту мақсатында 2024 жылғы 3 сәуірде Балқаш қаласының жалпы білім беру мектеп директорлары және кітапхана меңгерушілерінің қатысуымен оқыту семинары өтті.