Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы

Ұлттық дәстүр бойынша Наурыз мерекесін "Алпамыс" балабақшасының тәрбиеленушілері мен ұжымы күмбірлеген домбыра үнімен, халық әндерінің әуенімен, халық билерімен қарсы алды. Балалар, қонақтар көктемгі жаңару, достық, құнарлылық және молшылық салтанатымен тілектерін білдірді.
Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі құтты болсын!