"Жыл тәрбиешісі" қалалық байқауының бірінші кезеңі

"Жыл тәрбиешісі" қалалық байқауының бірінші кезеңі

2024 жылдың 22 қаңтарында 2023 жылдың қорытындысы бойынша "Жыл тәрбиешісі" қалалық байқауының бірінші кезеңі басталды. Байқауға мектепке дейінгі ұйымдар мен шағын орталықтардан 16 тәрбиеші қатысады. Байқаудың бірінші кезеңі "Менің инновациялық портфелім" деп аталады, онда тәрбиешілер әрқайсысы өз жас тобында ұйымдастырылған іс- әрекет (балалармен сабақтар) кезінде өз шеберліктерін көрсетеді, ең жоғары балл жинаған педагог - 50 балл, одан әрі екінші кезеңге өтеді, онда қатысушылар "Біртұтас тәрбие" бірыңғай кешенді бағдарламасын іске асыру шеңберінде қазылар алқасына тәрбие жұмысын ұсынады.