
2024 жылғы 26 қаңтар күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұсынысымен «Оқуға құштар мектеп - білім беру, шығармашылық және даму алаңы» тақырыбында Балқаш қаласы мектеп кітапханашыларының тәжірибе алмасу алаңы зум платформасында өтті. Іс-тәжірибе алмасу алаңында Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі Г.Т.Башарова: «Отбасылық кітап оқу - ұрпақтардың рухани байланысы», Абай атындағы №2 мектеп-лицейі Х.Булганбай: «Кітапхана: жаңа мүмкіндіктер алаңы», №1 жалпы білім беретін мектебі М.С.Баянбаева мен С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназия Р.С.Каукербекова: «Ойын оқуға құштарлықты оятудың құралы» тақырыптарында ата-анамен жұмысты, жұмыс барысында қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдерімен, ақпараттық технологияларды пайдалану жолдары мен платформалармен жұмыс жасаудың тиімділігін көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті.