
2023 жылдың 03 қаңтарында Балқаш қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі базасында мектеп және балабақша педагог-психологтарының қалалық семинары өтті. Семинарға 11 мемлекеттік балабақша, 2 шағын орталық және 14 мектеп психологтары қатысты. № 25 ЖББМ Сагымбекова Д.Ж. және №3 ЖББМ Касимова Г.К. педагог-психологтары «Біз біргеміз» атты тимбилдингін өткізіп, қатысушыларды және жас мамандарды өз орнын табуға, ұйымшылдыққа шақырды. Абдуалиева З.Н. (Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББМ) және Балапанова Б.Е. (С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы) педагог-психологтары «Зорлық-зомбылық қолсұғушылардың алдын алу жұмысын ұйымдастыру жолдары» тақырыбында мәліметтермен бөлісті. Жауапты әдіскер: М.О. Жунусова. Кездесу өте нәтижелі және тиімді болды.