Балқаш қаласының білім беру ұйымдарында терроризмге қарсы оқу жаттығулары

Балқаш қаласының білім беру ұйымдарында терроризмге қарсы оқу жаттығулары

2023 жылдың 15 мамыры күні Балқаш қаласының барлық білім беру ұйымдарында білім беру объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 нұсқаулық шеңберінде бекітілген іс-қимыл алгоритміне сәйкес оқу-жаттығулар өтті. Нұсқаулық аясында оқушылар келесі тармақтармен танысты:
Күдікті затты анықтаудағы әрекеттер алгоритмі;
Қарулы шабуыл кезіндегі әрекеттер алгоритмі;
Кепілге алу кезіндегі әрекеттер алгоритмі;
Террористік шабуыл кезіндегі іс-қимыл алгоритмі;
Техногендік сипаттағы ТЖ туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмі. Оқу-жаттығуға қала мектептерінің 960 қызметкері мен 6770 оқушысы қатысты.