хабарландыру

хабарландыру

Қарағанды облысы білім басқармасының "Балқаш қаласының білім бөлімі" ММ (әрі қарай - білім бөлімі) Балқаш қаласында орналасқан 30 балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімнің өткізілетінін хабарлайды.

Құжаттарды қабылдау конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі ұйымдар басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды мемлекеттік органның электрондық форматтағы электрондық поштасына жібереді.

Қажетті құжаттардың тізбесі ҚР Білім Министрлігінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығымен бекітілген еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білімге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында айқындалған.

Мектепке дейінгі ұйымдар өтініште жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама нөмірін көрсетеді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі, 5 үй, каб.2 мекен-жайына, 2023 жылғы 16 қаңтар күні сағат 15.00 ден 2022 жылғы 18 қаңтар күні сағат 15.00-ге дейін ұсынылады.

 Конкурсқа қатысуға құжаттар 2023 жылғы 19 қаңтарда сағат 16.00-де Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі, 5-үй, каб 2 мекен-жайында қаралады.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (71036) 44104