хабарландыру

хабарландыру

Қарағанды облысы білім басқармасының "Балқаш қаласының білім бөлімі" ММ (әрі қарай - білім бөлімі) Балқаш қаласында орналасқан 3000 балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімнің өткізілетінін хабарлайды.

Құжаттарды қабылдау конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі ұйымдар басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды мемлекеттік органның электрондық форматтағы электрондық поштасына жібереді.

Қажетті құжаттардың тізбесі ҚР Білім Министрлігінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығымен бекітілген еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білімге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында айқындалған.

Мектепке дейінгі ұйымдар өтініште жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама нөмірін көрсетеді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі, 5 үй, каб.2 мекенжайына, 2022 жылғы 14 желтоқсан күні сағат 15.00 ден 2022 жылғы 19 желтоқсан сағат 15.00-ге дейін ұсынылады.

 Конкурсқа қатысуға құжаттар 2022 жылғы 20 желтоқсанда сағат 16.00-де Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі, 5-үй, каб 2 мекенжайында қаралады.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (71036) 44104