республикалық жас пианистердің "Astana Piano Passion" байқауының жартылай финалы мен шешуші финалы өтті.

республикалық жас пианистердің  "Astana Piano Passion" байқауының жартылай финалы мен шешуші финалы өтті.

14-23 қараша аралығында Астана қаласында республикалық жас пианистердің "Astana Piano Passion" байқауының жартылай финалы мен шешуші финалы өтті.
Жартылай финалға Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысқан жүздеген қатысушылар ішінен іріктеу кезеңінен өткен балалар шақырылды. Солардың бірі Балқаш қаласының Балалар өнер мектебінің оқушысы Шайхов Айдар (педагог Пак Гүлнара Харисовна) болды. Орта жас тобына 24 оқушы қатысып, қазылар алқасына 3 шығармадан ұсынды . Оның ішінде тек 9 оқушы финалға өтті, олардың арасында біздің мектебіміздің тәрбиеленушісі Шахов Айдар сонымен қатар Алматы және Астана қалаларының мамандандырылған музыкалық мектептерінің оқушылары болды. Байқау ережесі бойынша финалда олар симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өнер көрсетті. 23 қарашада байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау қорытындысы бойынша Айдар 2 орынды иеленді. Жүлдегер мен ұстазды осындай маңызды жеңісімен құттықтаймыз!