"Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!"сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық форумның финалдық кезеңі өтті.

"Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!"сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық форумның финалдық кезеңі өтті.

2022 жылдың 23 қараша күні Қарағанды қаласының Қазақстан халықтарының достық үйінде өскелең ұрпақ арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік атмосферасын құру мақсатында "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!"сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық форумның финалдық кезеңі өтті. Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының 16 командасы сайысқа түсіп, сыбайлас жемқорлыққа өз көзқарастарын көрсетті.
"Беруге де алуға да болмайды" КВН командасын Балқаш қаласының қалалық кезеңінің жеңімпаздары "КАМИ" КММ оқушылары таныстырды. Балалар осы тақырып бойынша өз ұстанымдарын белгілеп, өз сөздерін қазылар алқасына ұсынды. Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімі өзін-өзі тануды, ішкі еркіндікті, өз таңдауы мен іс-әрекеті үшін жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік береді. Әзіл мен интеллект сайысының нәтижелері бойынша мектеп-интернат командасы Диплом мен кубок алып, құрметті 3-орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!