5-6 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада

5-6 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада

Ағымды жылдың 15 қарашасында Балқаш қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес 5-6 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді. Олимпиада тапсырмалары мектеп бағдарламасы аясынан құралып, 30 тест сұрақтары көлемінде болды.

Олимпиадаға қала білім мекемелерінен барлығы 184 оқушы қатысып, оның ішінен 74 жеңімпаз анықталды.  І-орынға ие болған жүлдегерлер облыстық кезеңіне жолдама алды.

Республикалық олимпиаданың барлық қатысушыларын құттықтаймыз!