
Тұғырдағы Балқаш оқушылары! 2022 жылдың 18-20 қазаны аралығында Балқаш қаласының оқушылары жалпы білім беретін және мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 9-11 сынып оқушылары арасында «Асық ату» жарысы бойынша облыстық кезеңіне қатысты.
Асық ату жарысында Балқаш қаласының командасы (Жбб №1 мектебі) озып шығып 1 орын иеленді. Сондай-ақ, жалпы білім беретін №1 мектебінің оқушысы Тё Дмитрий мықтылығын танытып "Үздік ойыншы" номинациясына ие болды.
Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.
Құттықтаймыз!