хабарландыру

хабарландыру

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ!
Құрметті ата-аналар, Балқаш қаласының білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы No 564 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымына оқуға қабылдаудың үлгілік ережесіне сәйкес келесіні хабарлайды:
Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау асыратын білім беру ұйымдарының ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі өткеннен кейін өтінімдер қабылданбайды!
1 тамызда электронды жүйесі бойынша сынып жинақтары жасақталып, сынып жетекшілері тағайындалады.
Сынып жетекшілері ата-аналар чатын құрып, онда барлық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Сондай-ақ мектеп әкімшілігі 2022-2023 оқу жылының оқу процесін ұйымдастыру бойынша Директор сағатын ұйымдастырады.