
Бүгін, 16 маусымда қала мектептерінің 11-сынып оқушыларының 10 жас түлегі "Алтын белгі" медалін және мектеп бітіргені туралы аттестатты Балқаш қаласының әкімі О. К. Таурбековтың қолынан алды. Қала әкімі мен қалалық мәслихат хатшысы А.К. Мүслімов 2022 жылғы түлектерді мектепті сәтті аяқтауымен және өмірдегі алғашқы ауыр сынақтан өтуімен құттықтады. Алда ұзақ өмір, мамандық таңдау, жоғары мақсаттарға жету. Ақ жол, жас түлек!