
2022 жылдың 5-7 маусымы аралығында Бектауата шатқалында балалар жылы аясында "Факел" ҚСБСЛ –да "Менің Отаным Қазақстан" туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының облыстық слеті өткізілді. Слеттің мақсаты-балалар мен жастардың патриоттық және азаматтық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық отрядтардың туристік қызметін жандандыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау. Слет қорытындысы бойынша Балқаш қаласының экспедициялық жасақтар командасы қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.