Балқаш қаласында Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті.

Балқаш қаласында Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті.

Балқаш қаласында Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті.
Сағат 10.00-де барлық мектептерде «Алақай! жаз!»тақырыбында мектеп жанындағы лагерьлердің, алаңдардың ашылу салтанаты өтті. Іс-шараларға 1000-нан астам адам қатысты. Мектеп алаңдары шармен безендіріліп, жаңа баннерлер, түрлі шығармашылық би және вокалдық топтар мен ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен өткен жарқын концерттік бағдарламалар, флешмобтар қатысушылар мен балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қызықты ойындар, көңілді музыка-осының барлығы мерекенің жағымды атмосферасын құрды.
Сонымен қатар, қала жағалауында ТЖМ құтқару жасағы, полиция бөлімі, ТЖБ қызметкерлерінің қатысуымен "Қауіпсіз жаз - 2022" акциясы өтті.Балаларға ЖКО, күн сәулесінен сақтану, суға бату, құлап қалу кезінде алғашқы көмек көрсетуді үйретті.
Сағат 11.00-де қосымша білім беру ұйымдары жанындағы жаз орталықтарының ашылуы өтті: БӨМ және ОС жаз бойы жұмыс істейтін болады.
Сағат 12.00-де Оқушылар сарайының алаңында білім беру қызметкерлері кәсіподағы мүшелерінің балалары арасында өткізілген сурет байқауының қорытындысы шығарылды, оған мұғалімдердің 80 баласы қатысқан болатын.
Педагогтардың барлық балалары грамоталармен, сертификаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
Мерекелік іс-шаралар қала әкімінің құттықтауымен және Алматы қаласының "Диамант" шоуымен аяқталды, басты демеуші "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС.
Мерекелік іс-шараларға қаланың 5000-нан астам жас тұрғындары қатысты. Балалық шақ бақытты болсын! Жаз жарқын болсын!