
Бүгін, 2022 жылдың 1 маусым Балаларды қорғау күні орай Балқаш қаласында мектеп жанындағы лагерьлер мен алаңдар салтанатты түрде ашылды. Мыңға жуық бала 1 ауысымда қалалық өлкетану мұражайына, кинотеатрға,"Қауіпсіз жаз - 2022" акциясы аясында Өрт сөндіру бөліміне, ТЖМ отрядының суда құтқару станциясына, МАИ жылжымалы бекетіне экскурсиямен барып көңілді, танымдық және қызықты өткізеді. "Акватика" жобасы шеңберінде балаларға жүзуді үйрету, суда және күнге күю кезінде алғашқы көмек көрсету бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткізілетін болады. Жаз жарқын және қауіпсіз болсын!!!