
2022 жылдың 28 мамыр күні балалар жылы аясында Балқаш қаласында оқу жылын қорытындылау, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін арттыру, ата-аналар комитеттерінің, қамқоршылық кеңестерінің, әкелер мен аналар кеңесінің қызметін жандандыру мақсатында «Өмірлік дағдылар» атты үш алаң бойынша ата-аналар қауымдастығының форумы өтті. Іс - шараға 562 ата-ана, 300-ден астам оқушы, қала басшылары, депутаттар, білім саласының ардагерлері қатысты. Секциялық сабақтарда салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша семинарлар, психологиялық тренингтер, кеңестер, спорттық ойындар мен жарыстар өткізілді. Форумның пленарлық отырысында 65 белсенді ата-ана алғыс хатпен марапатталды.